jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жабық жолда полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

    Әкімшілік қамауға алынған жүргізуші
    Қамаудағы ер адам. Фото: Рolisia.kz

    Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Қарағанды облыстық Полиция департаменті Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

    Полицияның хабарлауынша, оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Екатеринбург тас жолының жабылған кезінде болған.

    "Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді", — делінген хабарламада.

    13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен азамат әкімшілік қамауға алынды.

    Жабық жолда полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.