Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды

Жарияланған күні:

Алтын орда базары
Алтын орда базары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полиция департаменті күдіктілер туралы деректі жария етті.

Ведомствоның мәліметінше, Қарасай аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері төрт азаматқа Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша халықаралық іздеу жариялаған. Олар:

  1. Данияр Әпдіғапаров, 1982 жылы туған;
  2. Жұмадин Патов, 1982 жылы туған;
  3. Қанат Жақаев, 1984 жылы туған;
  4. Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған.

"Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына ұстап, қамау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Департамент оның нәтижесі туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.

Құзырлы органдарға жағдайды реттеуге екі ай уақыт берілді.

Кейін Алматы облысының әкімі тексерудің алдын ала қорытындысы шығарылғанын мәлім етті. Аймақ басшысы "Алтын Орда" базарында санитарлық, экологиялық, құрылыс, көші-қон нормалары бұзылмаған бірде-бір заң қалмағанын айтты.

Мемлекеттік органдар да тексеру нәтижелерін жариялады. Мәселен, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қабылданған шаралар арқылы бюджетке 1,5 млрд теңге салық түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005439-altyn-orda-bazarynyn-buryngy-bassylygyna-xalyqaralyq-izdeu-zariyalandy/