Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматыдағы "Алтын Орда" базарына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Үш миллион адам тұратын Алматы мен Алматы облысының іргелес елдімекендерінің тұрғындары "Алтын Ордадан" сауда жасайды. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкіміне үкіметпен бірлесіп, базар қызметін ретке келтіруді тапсырамын. Оны орындауға екі ай уақыт беремін", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетіне Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаларды қайтару жоспарын әзірлеу үшін екі ай уақыт берді.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорына қатысты маңызды мәселелер 10 күннен кейін қайта талқыланатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955162-memleket-bassysy-altyn-orda-bazarynda-tartip-ornatudy-tapsyrdy/

pixel