"Бойымды үміт пен үрей биледі": Қызылорда тұрғыны қалай пәтер ұтып алғанын айтты

Опубликовано:

жительница Кызылорды выиграла в лотерею
Фото: Satty Zhuldyz

Жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап, ал қазақстандықтардың сатып алу мүмкіндігі инфляция құнына ілесе алмай тұрған қазіргідей жағдайда пәтер ұтып алу көптеген отандастың арманы екені рас. Әсіресе пәтер жалдап, ай сайын қыруар ақша төлеп отырғандар мұны қатты қалайды. Қызылордалық Гүлнәр Р. да осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнәр тойларға сценарий жазып, нәпақасын табады. Бірнеше жылдан бері ол «Сәтті Жұлдыз» лотереяларына қатысуды әдетке айналдырған.

«Лотерея билеттеріне көп ақша жұмсамаймын. Кейде лотереяның әр түріне 10, 20 мың теңге жаратамын. Негізінен олар TeleBingo, Loto 6/49 секілді түрлері. Соңғы кезде белсенді түрде қатысатын болдым, себебі түрлі науқан, арнайы ұтыстар қызығушылығымды арттыра түскен. Жаңа жыл алдында ғажайыпқа сеніп, тағы да билет сатып алуды шештім. Ұтысқа ие болғанымды жүргізуші Мұрат Оспанов қоңырау шалып хабарлады. «Пәтер ұтып алдыңыз» дегенді есту бір жағынан қорқынышты, бір жағынан қуаныш екен. Әрине, қуаныштан көзіме жас келіп, бірінші кезекте жолдасыма жеткіздім. Екеуіміз де қуаныштан жылап қалдық», - дейді Гүлнәр.

Оның айтуынша, отбасымен бірге бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келеді. Ерлі-зайыпты жер телімін сатып алғысы келіп жүрген екен.

«Мұндай ірі ұтысты ешқашан ұтып көрмеппін. Майда-шүйде ұтыстар болған шығар. Ары қарай да лотереяға қатыса береміз деп жоспарлап отырмыз. Құны бүгінде 287 млн теңгеге жеткен SuperBingo-ны ұтып алғым келеді», - дейді Қызылорда тұрғыны.

Ол қазақстандықтарға лотереяға саналы түрде қатысып, ұтыс болмаса, өкінбейтіндей сомадағы ақша жұмсауды ескертті.

Ал лотерея билеттерін сатып алуға бел буғандарды қомақты сыйлықтар күтіп тұр – енді қазақстандықтарға Haval H6 танымал кроссоверін ұтып алу мүмкіндігі туып отыр. Бұл үшін сайттан алты билеттен тұратын «Автомобиль» ЛотоЖинағын немесе «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының сату орындарынан 1800 теңге тұратын алты ойын алаңы бар билет сатып алсаңыз жеткілікті.

Haval H6 ұтысы Satty Zhuldyz YouTube-арнасының тікелей эфирінде 22 қазан күні сағат 22:00-де өтеді.

Бұдан бөлек әр апта сайын қатысушылардың бірі миллионер атанады. 16 қаңтарда іске қосылған науқан «Апта сайын миллионер» деп аталады.

Satty Zhuldyz
Фото: Satty Zhuldyz

Науқан 26 ақпанға дейін жалғасады, ал оған қатысу үшін 3000 теңгеден көп сомаға кез келген лотерея билеттерін бір чекпен сатып алу керек.

Апта сайын ойнатылатын 1 млн теңгеден бөлек қатысушылар кішігірім, бірақ жанға жағымды iPhone 14 және 50 мың теңгелік бес сыйлық ұтып ала алады.

22 қаңтардан бастап 26 ақпан аралығында әр жексенбі сайын - сағат 19:45-те Satty Zhuldyz YouTube-арнасында iPhone 14 пен 50 мың теңгелік бес сыйлық түріндегі ұтыстар өтеді.

Ал 1 млн теңгелік сыйлық, әр аптаның жексенбісінде «31 арна» телеарнасының эфирінде сағат 20:00-де өтеді.

Қатысып, ұтысқа ие болыңыз, ірі ақша сомасының иегері, танымал смартфон немесе жайлы кроссовер иесі атану жеңілдей түсті емес пе!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005536-boiymdy-umit-pen-urei-biledi-qyzylorda-turgyny-qalai-pater-utyp-alganyn-aitty/