Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде әуежай маңынан табыт табылды: облыстық полиция департаменті пікір білдірді

Опубликовано:

Семейде әуежайдың маңынан табылған табыт
Семейде әуежайдың маңынан табылған табыт. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Абай облысының полиция департаменті Семей қаласындағы әуежайдың жанынан табыттың табылғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірі Семей қаласындағы әуежайдың маңында табыттың жатқанын суретке түсіріп, жазба қалдырған болатын.

"Бұл табытты біреулер түсіріп алды ма әлде лақтырып жіберді ме екен, қандай да бір сүйектер көрінеді, мұндай затты бұлай тастауға болмайды", — деп жазған автор.

Аталған жазбаға байланысты жауап берген Абай облысы полиция департаменті табыт шынымен табылғанын хабарлады. Оның ішінде адам қалдықтары болмаған.

"Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалды", — дейді Абай облысының ПД.

Осы факт бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады.

Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005692-semeide-auezai-zanynan-tabyt-tabyldy-oblystyq-policiya-departamenti-pikir-bildirdi/

pixel