Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан пияз экспорттауға үш айға тыйым салынды

Опубликовано:

пияз
Пияз. Көрнекі фото: pixabay.com

Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияз экспорттауға үш айға тыйым салды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәлметінше, экспорттауға уақытша тыйым пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалып отыр.

"Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкелді.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап жатыр", - дейді АШМ өкілдері.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы елдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тоннаны құраған. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын бұл көлемнен 3 есе аз, орташа есеппен алғанда 315 мың тонна тұтынады екен.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес бүгінгі күні елімізде пияздың расталған қоры 152,4 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14 пайызы ғана.

"Бұл көлем жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті, сондықтан экспортқа енгізілген шектеулер Қазақстаннан қалған пиязды әкету тәуекелдерін болдырмайды", - деп қосты АШМ өкілдері.

Министрліктің дерегінше, республикада пияздың көтерме бағада бір келісі 150-170 теңгені құрайды, ал көршілес Ресей мен Өзбекстанда 240 теңге көлемінде. Сонымен қатар Qaztrade мәліметтері бойынша, Өзбекстан мен Тәжікстан өз елдерінде пияз экспортына шектеу қойған.

"Үкімет жақын арада нарықтық жағдайды жақсарту кезінде барлық шектеулерді уақтылы алып тастау үшін елдегі және әлемдегі жағдайды мұқият қадағалайды.

Фермерлер үшін пияз экспортына тыйым салудың жағымсыз салдарын азайту үшін бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден пиязды ӘКК арқылы тұрақтандыру қорларына, сондай-ақ сауда желілері арқылы айналым схемасы арқылы сатып алудың әр түрлі тетіктері іске асырылып жатыр", - дейді АШМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005723-qazaqstannan-piyaz-eksporttauga-us-aiga-tyiym-salyndy/

pixel