Сәрсенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер 18 қаңтар, сәрсенбіде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, Астанада бүгін жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз -13...-15, түнде -25...-27 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.
Бүгін Алматыда да күн ашық. Термометр бағаны күндіз -5...-7, түнде -15...-17 градусты көрсетеді. Мегаполисте жел болмайды.
Сәрсенбіде Шымкентте де күн ашық болады деп болжануда. Қалада күндіз ауа температурасы -1...+1 градус шамасында болса, түнде -10...-12 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с деңгейінде болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005735-sarsenbide-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/