Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ономастикалық комиссия Астанада Нұра ауданын құру туралы шешімді бірауыздан қолдады

Опубликовано:

елорда
Қазақстанның астанасы. Фото: pixabay.com

Кеше, 17 қаңтарда, Астанада бірқатар көшелер мен алаңдардың атауын өзгерту туралы шешім қабылдау бойынша республикалық ономастикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

Белгілі болғандай комиссия отырысында жаңа аудан мен Астананың кей көшелеріне, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі Сарысу ауданы мәдениет үйіне жаңа атау беру мәселесі қарастырылған.

Сонымен қатар жалпы комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түскені белгілі болды. Нәтижесінде комиссия елордадағы жаңа ауданға "Нұра" атауын беру туралы шешімді бірауыздан қолдады.

"Республикалық ономастикалық комиссия аталған мәселе бойынша бірауыздан оң қорытынды шығарды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған қоса Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, бірқатар көшелер және алаңдарға атау беру туралы ұсыныстарына оң қорытынды берілді. Олар:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы;
  2. Әл-Фараби даңғылы;
  3. Гейдар Алиев көшесі;
  4. Асқар Забикулин көшесі;
  5. Әскен Нәбиев көшесі;
  6. Сырбай Мәуленов көшесі;
  7. Мәншүк Мәметова көшесі;
  8. Шапық Шөкин көшесі;
  9. Санжар Асфендияров көшесі;
  10. Бердібек Соқпақбаев көшесі;
  11. Бейбарыс Сұлтан көшесі;
  12. Мағжан Жұмабаев даңғылы;
  13. Қарамерген көшесі.

Сол сияқты комиссия ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімін Астана қаласы Есіл ауданындағы Е-583 көшесіне беру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

"Есімі ел тарихында сақталған тұлғалардың осылай насихатталуы – міндетті құбылыс. Ономастика саласында атқаратын жұмыс көп, барлығы уақыт шеңберінде жүзеге асады деген сенімдеміз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Сонымен қатар республикалық ономастикалық комиссия жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін мәслихат Астанадағы жаңа ауданның атауын бекіткені туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005739-onomastikalyq-komissiya-astanada-nura-audanyn-quru-turaly-sesimdi-birauyzdan-qoldady/

pixel