Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аспаз, жылжымайтын мүлік агенті": Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

қызметкер
Қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орны мен түйіндемелерді сараптап, Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады.

Электронды еңбек биржасының мәліметтеріне сәйкес, былтыр желтоқсан айында білікті қызметкерлер арасында жылжымайтын мүлік агенттері (2,9 мың бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкерлер (1,3 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,2 мың бос жұмыс орны), санитарлар (1,2 мың бос жұмыс орны), аспаздар (1,1 мың бос жұмыс орны), сондай-ақ тәрбиешілер мен олардың көмекшілері – тиісінше 1,1 мың және 851 бос жұмыс орны жоғары сұранысқа ие болды. Іздеушілер арасында негізінен автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер болған.

"Сұраныстың ұсыныстан басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында вахтерлер (268 бос жұмыс орны және 561 түйіндеме), HR бизнес серіктестері (22 бос жұмыс орны және 153 түйіндеме) және дене шынықтыру мұғалімдері (106 бос жұмыс орны және 231 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті", – деп бөлісті Еңбек ресурстарын дамыту орталығы АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Оның мәліметінше, көптеген өңірлерде бос жұмыс орындарының саны артқан.

Мәселен, бір айда Түркістан облысында бос жұмыс орындарының саны 15,3 мыңға дейін жетіп, 170 пайызды, ал Алматы облысында 10,6 мыңға дейін өсіп 105 пайызды құраған. Бұл ретте бір айдағы орналастырылған барлық бос жұмыс орындарының 44 пайызы төрт өңірге (Түркістан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларына) тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005780-aspaz-zylzymaityn-mulik-agenti-elimizde-suranysqa-ie-mamandyqtar-tizimi-zariyalandy/