"Біздің қарауымызда": Бас прокуратура Владислав Челахтың шағымына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс кулуарында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың шағымына қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері бас прокуратура өкілінен Владислав Челахтың шағымына қатысты мән-жайды түсіндіруін сұраған. Олардың айтуынша сотталушы өз шағымында оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын түсіндірмек болған.
"Оның шағымы біздің қарауымызда жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті жауап қайтарамыз", – деді Әсет Шындалиев.
Десе де тілшілер Владислав Челахтың туыстары одан жауап алынғандығын әрі процедура екі күнге жалғасқанын мәлімдегенін айтқан.
"Жауап алынған жоқ. Шағым бойынша біз тағы қосымша ақпарат беретін боламыз", - дейді Бас прокурордың орынбасары.
Сондай-ақ журналистердің "Челах нақты неге шағымданды?" деген сауалына Шындалиев қысқа жауап берген.
"Оның барлығын сіздерге айта алмаймын. Челах шағымданды. Егер өзі қаласа, өзі айтып берер".
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура өкілдері брифинг барысында Владислав Челахтан шағым келіп түскенін әрі қажет болған жағдайда одан жауап алынатынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005788-bizdin-qarauymyzda-zatyr-bas-prokuratura-vladislav-celaxtyn-sagymyna-qatysty-pikir-bildirdi/