Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қажет болса, жауап алынады": Бас прокуратура Челахтың өтінішіне қатысты жауап берді

Опубликовано:

Владислав Челах
Владислав Челах. (Ортада тұр). Архивтік фото: Asker.kz

Бас прокуратурада өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Тимур Тәшімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтан өтініш түскенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челахтың президентке жүгініп, "Арқанкерген" шекара бекетінде шын мәнінде не болғанын айтып беруге уәде бергенін хабарлаған болатын.

Ал Челахтың Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуін Азаттық радиосы жариялаған еді.

"Құрметті президент, бірнеше жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Кінәлілер өз жазасын алуы керек. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, мүмкіндік берсеңіздер, — деп келтіреді редакция сотталушының сөзін.

Сондай-ақ хатта Челахтың тергеу процесін қайта бастауды сұрағаны айтылған.

Бүгін Бас прокуратура Челахтың өтініші ведомствоға келіп түскенін мәлімдеді.

"Әскери соттан қылмыстық іс сұралды. Түскеннен кейін белгілі болады. Себебі, 10 жыл бұрынғы іс, қажет болса, одан (Челах — ред.) жауап алынады. Ал одан кейін не болары анықталады", — дейді Бас прокурордың орынбасары Тимур Тәшімбаев.

Еске салайық, 2012 жылы Владислав Челах Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Арқанкерген" шекара бекетінде қаза болған 15 адамның өліміне қатысты іс бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Үкім шыққан соң ол жазасын өтеу үшін Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесіне жіберілді.

Челах соңғы рет 2019 жылы Жоғарғы сотқа жүгінген болатын. Алайда оның шағымы қанағаттандырылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2002666-qazet-bolsa-zauap-alynady-bas-prokuratura-celaxtyn-otinisine-qatysty-zauap-berdi/

pixel