Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сау жері жоқ": Павлодарда айықтырғышқа түскен ер адам үйіне табытпен "оралды"

Опубликовано:

Күлжан Медей марқұм жолдасымен
Күлжан Медей марқұм жолдасымен. Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы

Павлодарда айықтырғышқа түскен азамат көз жұмды. Марқұм ауруханада қайтыс болған. Ер адамның туыстары оны ұрып-соққанына сенімді, сондықтан өліміне себепкер болған кінәлі адамдардың жазалануын талап етуде, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Күлжан Медейдің жолдасынан айырылғанына 2 айға жуықтаған.

Ол жұбайы жиі ішімдік ішетіндіктен учаскелік полицейді шақыруға мәжбүр болғанын айтады. "Алайда оның соңы өліммен аяқталатын кім білген" дейді.

"Үйден учасковой әкетті. Ол кісі жауап беру керек ғой. Қайда апарып ұрды. Қайда, не істеді дегендей. Сап-сау әкеткен кісіні сабап өлтіріп отыр. Сараптамада сау жері жоқ. Ол кісіні апарғаннан кейін бір-екі сағаттан кейін қайтып кеткен. Бас деген майысып қалған. Өне бойдан түк жоқ. Сап-сау кеткен. Неге сонша жәбірлеп, сабайды", – дейді марқұмның әйелі Күлжан Медей.

Ер адамның артында 6 баласы жетім қалған. Үлкені кәмелет жасына енді ғана толса, кішісі – 2 жаста. Қызының айтуынша, әкесінің өліміне ауылдың учаскелік полицейінің қатысы болуы мүмкін.

"Өйткені ол кісі үйден кеткен кезде бауырымның көзінше ұрған. Бауырымының көзінше ұрып тұрғаннан кейін, ары қарай әкеткеннен кейін не істемейтініне ешкім кепіл бермейді ғой. Үстіне киген курткасы бәрі қан. Ешқандай сау жері жоқ. Жағаның бәрі қан. Учасковый ұрмаған болса, ол қан қайдан пайда болды? Оны бізге кім айтады? Денесінің бәрі көк ала қойдай. Аузында тісі бәрі қыршылып қалған. Тісі сынып қалған", – дейді марқұмның қызы.

Телеарнаның хабарлауынша, айықтырғыштағы дәрігерлер оның орташа масаң күйде жеткенін, денесінде зорлық іздері болмағанын айтқан.

"Кезекші дәрігер оны тексерген кезде басында ескі жарақаты болғаны анықталды. Оны тіркеу кітапшасына жазып қойған. Содан Екібастұз қаласының айықтырғышына жатқызылды. Таңертең дәрігерлер оның қысымы күрт төмендеп кеткенін және есін жоғалта бастағанын байқаған. Содан бірден жедел жәрдем шақырған", – дейді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Виктория Ефимова.

Марқұмға дәрігерлер бірнеше рет операция жасаған. Алайда құтқара алмаған. Медицина қызметкерлері қатты соққыдан миына қан құйылғанын айтқан.

Қазіргі таңда ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Дәрігерлер оны тексерген кезде денесінде және басында жарақат іздері болмаған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Айықтырғыштағы бейнебақылау камерасынан оның өзін бірнеше рет құлап, басын соққаны түсіп қалған", – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Авторы: Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005901-pavlodarda-aiyqtyrgysqa-tusken-er-adam-uiine-tabytpen-oraldy/

pixel