jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Сасқалақтап қалдым": Министрмен бірге лифтіде видеоға түсіп қалған жүк тасушы желі жұлдызына айналды (видео)

Айдос Уәлиев. Фото
Айдос Уәлиев. Фото: Instagram/udp_open

Желіде үкімет үйінде министрмен бірге журналистердің қоршауында қалып қойған қарапайым жүк тасушының видеосы тараған еді. Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы желінің жұлдызына айналған жұмысшының кім екенін анықтап көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, үкімет үйінде лифтіде министрмен бірге журналистердің "қоршауында" қалған ер адам - Айдос Уәлиев.

Ол Президент іс басқармасына қарасты "Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мен үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" кәсіпорнында 10 жылдан бойы жұмыс істеп келеді екен. Бүгінде Айдос Уәлиев жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп отырған көрінеді.

Жүк тасушы болып жұмыс істейтін ол сол күні де әдеттегідей өз қызметін атқарып жүргендігін атап өткен.

"Үшінші қабатта лифтінің есігі ашылған кезде министр мен қаптаған журналистердің келе жатқанын көріп сасқалақтап қалдым. Ойлануға да мұрша болмады. Шығып кететін де жол жоқ. Сәл артқа шегініп, лифтінің есігі жабылуын күтіп тұрдым. Ішімнен "Хит болып кеттім-ау" деп ойладым", - дейді ол.

Сонымен бірге Айдос Уәлиев видеоны алғаш қайдан көргенін де айтты.

"Теледидардан жаңалықтардан берді. Сосын Тик-Токтан көрдік. Артынша туыс-туған, ағайындар бәрі хабарласты. Қазақстанды шулаттық қой. Мәз болдым. Сасқалақтағаннан ба, қылығым біртүрлі болып кетіпті. Қазір жұмыстағы кісілер келіп амандасып, фотоға түсіп жатыр. Журналистерге еш ренішім жоқ", - дейді ол.

Айдос Уәлиев өмірде де көңілді адам екенін де жасырмады.

"Иә, үнемі көңілді жүретін адаммын. Үйде де, жұмыста да. Көңілді жүрген жақсы ғой. Енді сасқалақтамаймын. Осылай емін-еркін тікемнен тік тұра беремін", - деп сөзін аяқтады ер адам.

"Сасқалақтап қалдым": Министрмен бірге лифтіде видеоға түсіп қалған жүк тасушы желі жұлдызына айналды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.