Әнші Әділ Сламханның отбасында бесінші сәби дүниеге келді (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әншілер Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның отбасында бесінші сәби дүниеге келді. Өнер иесі қуанышын Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Сүйінші, ағайын! Алланың қалауымен бүгін бесінші рет әке атандым. Өмірге атұстарым келді. Абылай мен Әлиханымның артынан ерген үлкен азамат болсын! Құттықтауларыңыз қабылданады.
Рахмет, Дана Маханбаева! Алла осы балапандарымыздың қызығын бірге көруді жазсын", - деді әнші.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасындағы қуанышқа ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Өмір жасы ұзақ болсын", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006050-ansi-adil-slamxannyn-otbasynda-besinsi-sabi-duniege-keldi-foto/