Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды
Жарияланған күні:
Атырауда мектеп директоры туберкулезге шалдыққан. Бүгінде директор денсаулығына байланысты жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Ақжайық басылымына облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қаңтарда берген анықтамасы негізінде қалалық білім бөлімі хабарлаған.
"Мектеп басшысымен араласқан қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп, мектепте тиісті санитариялық шаралар жүргізілуде", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Atyrau Press басылымының мәліметіне сәйкес, ер адам эндокринологқа салмағының азайып кетуі бойынша шағыммен жүгінген.
"10 қаңтарда емханаға компьютерлік томографияға жолдама беру туралы өтінішпен оның жұбайы жүгінді. Туберкулезге күдік туғызған сараптама қорытындысы 16 қаңтарда ғана учаскелік дәрігердің қолына түскен. Келесі күні талдау алынды. Содан кейін науқас ауруханаға жатқызылды", - дейді Атырау қаласының №4 қалалық емханасының директоры Еркін Сабыров.
Науқастың жағдайы тұрақты деп хабарлануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006065-atyrauda-mektep-direktorynan-tuberkulez-anyqtaldy/