Ақмола облысында ер адам тереңдігі 5 метр құдыққа түсіп кетті
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адам тереңдігі бес метр болатын құдыққа түсіп кеткен. Оны құдықтан құтқарушылар алып шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 15:08 Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адамның құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнына келіп жеткен елордалық өрт сөндірушілер және жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның тереңдігі шамамен 5 метрді құрайтын құдыққа құлап кеткенін анықтаған.
"Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды құтқарды", - делінген департамент хабарламасында.
Одан соң құтқарушылар ер адамды жылы орап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006215-aqmola-oblysynda-er-adam-terendigi-5-metr-qudyqqa-tusip-ketti/