Тоқаев еліміз бойынша жылу құбырларындағы ахуал жайлы: Жағдай өте ауыр
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің сөзінше, жалпы еліміз бойынша және осы Қостанай облысында да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр.
"Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын.
Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006248-qostanai-oblysyna-zumys-saparymen-bargan-toqaev-birinsi-kezekte-rudnyidagy-zylu-qubyrynyn-zagdaiymen-tanysty/