Тоқаев Қостанай облысына ұшып келді (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram-арнасында.

"Сапар аясында президент бірқатар өндіріс кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап көруді жоспарлап отыр", - деп мәлім етті мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 15-18 қаңтар аралығында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болған еді.

Сапар аясында мемлекет басшысы БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

Сондай-ақ прездент "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитіне қатысып, одан бөлек іскерлік орта өкілдерімен және БАӘ Вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006235-toqaev-qostanai-oblysyna-usyp-keldi-video/