jitsu gif

Қостанай облысында малды басқа өңірлерге шығаруға уақытша тыйым салынды

Сиырдың бұзауы. Көрнекі сурет
Сиырдың бұзауы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша басқа өңірлерге әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды әкімдіктің ветеринария басқармасы өзінің ресми Instagram парақшасында.

Ведомсвтоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарларын аусылға қарсы вакцинациялаудың міндетті ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларына енгізілуіне байланысты, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қостанай облысының вакцинациясыз аусылдан бос аймақ ретіндегі ресми мәртебесі тоқтатқан.

"Қостанай облысының вакцинациясы бар, аусылдан таза аймақ ретіндегі ресми мәртебесін қалпына келтіру үшін Қостанай облысының аумағынан оңтүстік-шығыс облыстарға (Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Жетісу және Абай облыстары, Алматы және Шымкент қалалары) ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге уақытша тыйым салынады", - деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте ветеринария басқармасы өңірден малды әкету: сату, бордақылау, сою және т.б. мақсаттарға қарамастан тыйым салынатынын атап өтті.

Қостанай облысында малды басқа өңірлерге шығаруға уақытша тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.