jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда су тарифі қымбаттауы мүмкін

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде суға қатысты тариф өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі cу ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда аталған мәселе бойынша экология министрлігі құзырлы органдарға ұсыныс әзірлеп жатқан көрінеді.

"Бүгінде республикаға қарасты 3440 су каналы жүйелері бар. Шаруаларға су сол жүйелер арқылы жеткізіледі. Су каналы жүйелері кезінде коммуналдық меншікте болып, көбі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни қазіргі тариф бойынша оларды күтіп ұстауға қаржы қарастырылмаған.

Осы орайда биыл біз мемлекеттік құзырлы органдарға өз ұсынысымызды жолдаймыз. Келесі жылы әділетті су тарифі бекітіледі деп ойлаймыз", - деді Досбол Бекмағамбетов баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілінің айтуынша, су қоймаларын күтіп ұстау бүгінгі таңда елімізде үлкен мәселе болып тұр.

Сондай-ақ спикер су саласы мамандарының жалақысы мәселесін де көтерді.

"Су саласы қызметкерлері - еліміздегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан да проблеманы тариф арқылы шешпесек, басқа жолы жоқ. Мемлекеттен қаржы алмаймыз, қанша көлемде су жеткіземіз, соны ақысын шаруалардан жинап аламыз",- дейді ол.

Досбол Бекмағамбетовтің сөзінше, бүгінде Қазақстандағы су саласы мамандарының орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.

Қазақстанда су тарифі қымбаттауы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.