Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытауда полицейлер 10 тонна дизель отынын ұрламақ болғандардың жолын кесті

Опубликовано:

Дизель отыны. Фото
Дизель отыны. Фото: Polisia.kz

Ұлытау облысының полицейлері 10 тонна дизель отынын ұрламақ болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Ұлытау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Сәтбаев қаласындағы жеке аумақта темір контейнерлер (бөшкелер) тиелген жүк көлігін анықтаған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын қамауға алды.

Белгілі болғандай, аталған тұлғалар жанар-жағармай жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтіні анықталды.

Сондай-ақ тасымалдау жасау кезінде күдіктілер жүктің бір бөлігін жүйелі түрде ұрлап, жұмыстан кейін оны одан әрі сату үшін арнайы жабдықталған жәшіктерге салынған контейнерлерге құйған.

Осылайша, оқиға орнында полицейлер 35 металл бөшке мен екі цистерна тапты – олардың барлығына жалпы салмағы 10 тонна дизель отыны құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың сыбайластарын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006537-ulytauda-policeiler-10-tonna-dizel-otynyn-urlaudyn-zolyn-kesti/

pixel