Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсары қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Қадіржан Адинов
Қадіржан Адинов. Фото: Іnstagram.com/jylyoi_audany_akimdigi

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің өкімімен Қадіржан Адинов Құлсары қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қадіржан Аманкелдіұлы 1991 жылы 6 желтоқсанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген.

2013 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін геодезия және картография мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен заңгер мамандығы бойынша "Магистр" дәрежесін алған.

Алғаш еңбек жолын 2014 жылы Құлсары қаласы әкімі аппаратында штаттан тыс қызметкер ретінде бастаған.

2017 — 2019 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған.

2019 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін Құлсары қаласы әкімінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006614-qulsary-qalasynyn-akimi-tagaiyndaldy/

pixel