Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Діни жоралғыларға тартқан": полиция Алматыдағы балалар пансионаттарына қатысты тергеу жүргізуде

Опубликовано:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелеріне қатысты қылмыстық істі тергелуде, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми арнасында.

Белгілі болғандай, Алматы қалалық полиция департаменті балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелеріне қатысты кәмелетке толмағанды ​​өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралғылар мен ұжымдық дұғаларға тартылған. Бұған көнбеген балаларды тамақ, су бермей жазалаған, кей жағдайда физикалық күш қолданылған.

Пансионаттарда жүргізілген тінтулерден шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдарының, оның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдардың бар екені расталды", - делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы орган қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын, тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006649-dini-zoralgylarga-tartqan-policiya-almatydagy-balalar-pansionattarna-qatysty-tergeu-zurgizude/

pixel