Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, жел: синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Жарияланған күні:

Шуақты қыс
Қыс. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 қаңтар аралығында ел аумағында күн райы қалай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің батысына, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылауы әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болатындықтан, бұрқасын болып, қар жауады және жел күшейеді деп күтілуде.

Жалпы, ел бойынша ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Дегенмен елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін. Ал солтүстік және таулы аудандарда сынап бағаналары -8 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006743-burqasyn-zel-sinoptikter-us-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/