Алматы жұрты сазгер Арман Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салды (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін Алматы халқы танымал сазгер, әнші әрі тележүргізуші Арман Дүйсеновті соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы Алматы орталық мешітінің желідегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алматы орталық мешітінің ауласында ел ағалары, марқұмның өнердегі әріптестері, жақын туыстары жиналып, жаназа намазы оқылды.
"Алла берген саналы ғұмырын қазақ өнеріне арнаған, дос пен туысқа азаматтығы бөлек абзал жан дүниеден өтті. Алла иманын жолдас етіп, ізгі амалдарының сауабын еселендірсін. Отбасына, туыстары мен жақын-жолдастарына қайғыра көңіл айтамыз", – деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан.
Еске сала кетейік, Арман Дүйсенов 48 жасында кенеттен қайтыс болды.
Сазгердің қазасын өнердегі әріптестері ауыр қабылдап, өмірден тағы бір жақсы адамның өткеніне қайғыруда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006755-almaty-zurty-sazger-arman-duisenovti-aqtyq-saparga-sygaryp-saldy-foto/