Шетелдік көліктерді заңдастыру: қанша тұрғын мемлекеттік нөмір алып үлгерді
Жарияланған күні:
Үш күн ішінде шетелдік көліктерді 900-ге жуық ел азаматы заңдастырып үлгерген, деп хабарлайды IIM ресми Telegram-арнасы.
Ведомство ұсынған мәлімттерге сәйкес, қазіргі таңда шамамен 13 мың өтінім алдын ала мақұлданған.
"879 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 23 қаңтар, шетелдік көліктерді заңдастыру процесі басталған күні шамамен 2 мыңнан астам өтінім мақұлданған болатын. Осылайша олардың ішінде 100 адам тиісті құжаттарына қол жеткізген еді.
Бұдан бөлек ел азаматтарына арнайы ХҚО-ның жұмыс істеу кестесінің өзгергені туралы хабарланған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін ІІМ шетелдік көліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар қажет екендігін хабарлаған едік.
Еске салсақ, шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006780-seteldik-kolikterdi-zandastyru-qansa-el-azamaty-memlekettik-nomir-alyp-ulgerdi/