Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беташар жасаған": Жетісайда 15 жастағы қызды алып қашу әрекеті бойынша қылмыстық іс тергелуде

Опубликовано:

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

"НеМолчиKZ" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желі арқылы Түркістан облысында кәмелет жасқа толмаған қызды әкесінің рұқсатынсыз алып қашу оқиғасы болғанын хабарлады. Бұған қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қоғам белсендісінің Facebook-тегі жазбасына сәйкес, оқиға 2022 жылдың аяғында, шамамен қараша немесе желтоқсан айларында болған. 15 жастағы қыздың әкесі "НеМолчиKZ"-ке қызын бейтаныс біреулер алып қашып, Жетісайда беташар жасағанын хабарлаған.

"Мен қызымның некеге тұруына келісімімді берген жоқпын, не болғанын жақында ғана - 2022 жылдың 30 желтоқсанында әлеуметтік желіден және қызымның анасына қоңырау шалу арқылы білдім. Біз бірге тұрмаймыз, осы уақытқа дейін қызым үшін алимент төлеймін. Қызымды ұрлап әкетіп, күштеп некелескені маған беймәлім болды. Менің қызым небәрі 15 жаста және ол өз өмірі үшін шешім қабылдай алмайды", - деп келтіреді қоғамдық қор қыздың әкесінің сөзін.

Ер адам бұл оқиғадан Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша құқық бұзушылық көріп тұрғанын айтқан. Ол "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры арқылы полициядан қызын ұрлап, күштеп некеге тұрған тұлғаны анықтап, жауапқа тартылуын талап еткен.

Осы оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті Шымкент тұрғынынан кәмелеттік жасқа толмаған қызын ұрлау фактісі бойынша шағым түскенін мәлім етті.

"Жетісай ауданының полициясы Қылмыстық кодекстің 122-бабымен (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген облыстық полиция хабарламасында.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыз таныс жігітіне тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келісім бермей, қызын қайтадан Шымкентке алып кеткен.

Қазіргі уақытта іс бойынша сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006869-betasar-zasagan-zetisaida-15-zastagy-qyzdy-alyp-qasu-areketi-boiynsa-qylmystyq-is-tergelude/

pixel