jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында желідегі видеодан кейін колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Алматы облысында желіде таралған бейнежазбадан кейін колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Басылымның мәліметінше, қаңтар айында әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болған. Осылайша ҚАЖ департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген.

Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталған. Олар колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге барды деп айыптап, шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаймыз деп қорқытқан.

Белгілі болғандай, қолданыстағы заңнаманы бұзған мекеме бастығының орынбасары, сотталушыны колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуге тапсырған.

Кейіннен аталған жайт БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған. Сондай-ақ бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталмаған.

Десе де қызметтік тергеу нәтижелері бойынша, мекеме басшысының орынбасары жіберілген заң бұзушылықтар үшін қызметінен босатылған. Бұдан бөлек, бірқатар басқа да қызметкерлер, оның ішінде мекеме басшысы да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Алматы облысында желідегі видеодан кейін колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.