Қазақстанда "суперЦОНдар" ашылады
Жарияланған күні:
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның кеңейтілген алқа отрысында Қазақстанда болашақта "суперЦОНдар" ашылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жиында Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысындағы түйткілді мәселелерге тоқталды.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша клиенттік тәжірибесіне сүйене отырып, біз азаматтардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да мекемелердің табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді", – дейді министр.
Бағдат Мусиннің сөзінше, қазіргі уақытта министрлік Астана әкімдігімен бұл біртұтас кеңістік болады деп келіскен.
"Яғни азаматтарға жайлы және сапалы қызмет көрсететін "суперЦОН" болады", – дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006935-qazaqstanda-supercondar-asylady/