Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балалар үйінің атауы мен қызметі өзгереді

Опубликовано:

балалар
Қыз балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда балалар үйінің атауы енді "Балаларды қолдау орталықтары" деп аталатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жанна Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің министрлік Ақмола облысы әкімдігі және "Ана үйі" қоғамдық қорымен бірлескен "Балажан" жобасын қолға алған еді. Жоба аясында Ақкөл қаласында балаларды қолдау және отбасыға бейімдеу орталығы ашылды. Ондағы мақсат – балаларға барынша отбасындағыдай жағдай жасау, сондай-ақ оларды патронаттық тәрбиеге орналастыруға және туған отбасына қайтаруға бейімдеу", – дейді Жанна Сәрсенбаева Астанада өткен балалар үйін трансформациялау мәселелеріне арналған жиын барысында.

Спикердің сөзінше, елімізде балалар үйі "Балаларды қолдау орталықтары" болып қайта құрылады.

"Еліміз бойынша барлық үй балаларды қолдау орталықтарына айналды. Қазір ел өңірлерінде 23 орталық жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Орталықтың тағы бір артықшылығы кәдімгі "үй сияқты болуы", яғни мүмкіндігінше отбасындағыдай жағдай жасалады. Балалардың өз бөлмесі бар, асхана басқа да қажеттіліктермен қамтылған", - дейді министрлік өкілі.

Айта кетерлігі, бұған дейін елімізде балалар үйі қызметінің қайта қаралатыны туралы айтылған еді. Оған сәйкес, жаңа заң бойынша баланы балалар үйіне жібермей-ақ, кәсіби патронаттық отбасыға тікелей беру көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007047-qazaqstanda-balalar-uiinin-atauy-men-qyzmeti-ozgeredi/

pixel