Шымбұлақтағы ғимараттардың бірінде өрт шықты (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін, 29 қаңтарда таңертең Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аумағындағы ғимараттардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, үш қабатты мейрамханада өрт бүгін сағат 5:30-да басталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 800 шаршы метрді құраған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, арнайы өрт сөндіру техникасы кіретін жолдардың болмауына байланысты өрт ішкі өрт крандары арқылы сөндірілді.
Тілсіз жау сағат 08:05-те өрт ауыздықталып, 8:30-да толығымен жойылғаны ерекше атап өтілді.
Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Ведомствоның хабарлауынша, Шымбұлақ аумағындағы өртті сөндіруге қар генераторы пайдаланылды.
Министрлік оқиғаға қатысты толығырақ ақпарат кейінірек жарияланатынын айта кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007186-symbulaqta-ort-syqty-foto/