jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Петропавлда бірнеше ықшамаудан бір тәуліктен бері сусыз отыр

    Су
    Су. Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

    Петропавлда бірнеше ықшамаудан бір тәуліктен бері сусыз отыр. Мамандар бір тәуліктен аса уақыттан бері су құбырын жөндеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Петропавлдың оңтүстік-шығысында диаметрі 800 мм су құбырының зақымдалғаны 28 қаңтар күні таңертең белгілі болған. Қазір қаладағы жұмысшылар ауылы, "Береке" ықшамауданы мен вокзал маңындағы үйлер сусыз отыр.

    Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су құбырын толық тексеру кезінде қосымша істелуі керек жұмыстар бар екені анықталды. Зақымдалған жерді жөндеу үшін көбірек уақыт қажет болды.

    "Су жақын арада беріледі. 35 адам мен 17 техника жұмыс істеп жатыр", - деді баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.