jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Дәрігерлер Ақтөбеде қарда жүретін көлік соққан бір топ адамның жағдайы туралы айтты

Қарда жүретін көлік
Қарда жүретін көлік. Фото: pexels.com

Ақтөбеде демалыс базасының аумағында жасөспірім қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетіп, оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болған еді. Дәрігерлер жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылған 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған баланың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арна мәліметінше, зардап шеккен 16 жастағы бойжеткеннің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Миы шайқалған үш бала травматология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Ал 17 жастағы жасөспірім амбулаторлық емделуде - ол тексеруден кейін босатылды.

"Зардап шеккендерді хирург, нейрохирург, реаниматолог, травматолог, ЛОР дәрігері қарады. Науқастардың барлығының жағдайы тұрақты, асқынған жоқ. Оларға қажетті ем-домдар көрсетілуде", - дейді дәрігер Сәкен Нұрымов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде демалыс базасының аумағында жасөспірім қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кеткен болатын.

Дәрігерлер Ақтөбеде қарда жүретін көлік соққан бір топ адамның жағдайы туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.