Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді ЖШС-ны онлайн тіркеуге болады

Опубликовано:

Bereke Bank
Фото: Bereke Bank

Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) қаржы институттарының арасында бірінші болып өзінің B-Business мобильді қосымшасында ЖШС-ны тіркеуге болатын жаңа сервисті іске қосты.

Бұл – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен Банк және Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру нәтижесінде туындаған қызмет.

Қызмет Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жалғыз құрылтайшысы бар ЖШС үшін қолжетімді.

нұсқаулық
Нұсқаулық. Фото: Bereke Bank

Аталған коллаборацияның артықшылығы – қолайлы әрі қолжетімді, енді ЖШС-ны тіркеу көп уақытыңызды алмайды. Айта кетерлігі, бұрын аталған қызметке тек «Электрондық үкімет» веб-порталында немесе ХҚКО-да қол жеткізуге болатын.

Тіркелу үшін небәрі бір-екі минут қажет, ол үшін тек заңды тұлғаның атауын, құрылтайшының ТАӘ, бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді, салым сомасын, ЖШС құру туралы шешімнің деректемелерін, жылжымайтын мүлік туралы деректерді, қызмет түрін және т.б. көрсету керек.

нұсқаулық
Нұсқаулық. Фото: Bereke Bank

ЖШС ашқысы келетін әр кәсіпкерде смартфон, сондай-ақ «B-Business» қосымшасы болса жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі, бұл процессты жүзеге асыру үшін бар болғаны бір-екі минутыңызды жұмсайсыз, бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан тіркеуден өткеніңіз туралы куәлік аласыз.

Сондай-ақ ЖШС-ны сәтті тіркегеннен кейін клиенттер өздеріне ыңғайлы болу үшін, уақыт жоғалтпастан, банктің «B-Business» мобильді қосымшасында шот аша алады, сонымен қатар бизнесті болашақта қолайлы жүргізуге арналған басқа да қызметтерді таңдау мүмкіндігі бар.

нұсқаулық
Нұсқаулық. Фото: Bereke Bank

Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан 7744 нөмірі арқылы алуға болады (ҚР аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

Қосымша Android және Huawei құрылғыларын пайдаланушыларға қолжетімді.

Bereke Bank
Фото: Bereke Bank

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007357-endi-zss-ny-onlain-tirkeuge-bolady/

pixel