Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баға төмендеп, жалақы көбейсе": қазақстандықтар жаңа мәжілістен не күтетіндерін айтты (видео)

Опубликовано:

Алматы көшесінде кетіп бара жатқан тұрғындар
Алматы көшесінде кетіп бара жатқан тұрғындар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар жаңа мәжілістен не күтеді? Халықтың пікірін білу үшін "Астана" телеарнасының тілшілері тұрғындар арасында блиц-сауалнама жүргізген.

Телеарна тілшілері жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтар мәжілістің жаңа құрамынан табыстың артуына, өмір сапасының жақсаруына атсалысатын, әлеуметтік қорғауға шын мұқтаж жандардың жағдайын жасай алатын адамдары, сондай-ақ жас буынды көргісі келетін айтқан.

"Баға төмендеп, жалақы көбейсе. Халықпен жиі байланысты болса", "Батысы өмір сапасы жақсарса, қымбатшылық тоқтаса".

"Белсенді адамдар келу керек, жастар келу керек деп ойлаймын. Адекватный, өзінің халқын ойлайтын". "Халықтың мәселесін шешсе болды, жағдайын жасаса болды. Көп балалы аналарға, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге жағдай жасаса. Сайлаудан қалып көрген жоқпын, өзімнің жүрегім қалаған адамға дауыс беріп жүрмін".

Кім еңбекте жақсы көрінді, бұрынғыдай, қабілеті бар, экономиканы жақсы білетін, елге қызмет істей алатын адамды табу керек, халық соны сайлау керек", - дейді ел тұрғындары.

Еске салсақ, биыл еліміздегі мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы бір күнде - 19 наурызда өтеді. Саяси додаға биыл жеті партия қатысады және олардың ішінде екеуі таяуда тіркелген жаңа партиялар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007379-azyq-tulik-bagasy-arzandap-zalaqy-zogarylasa-qazaqstandyqtar-zana-mazilisten-ne-kutetinderin-aitty/

pixel