Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ауруханаға ауыр халде жеткізілген нәрестеге ота сәтті жасалды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері дүниеге келгеніне 40 күн толмаған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, 2022 жылдың желтоқсанында туған нәресте 13 қаңтар күні балалар ауруханасының реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Баланы толық тексерген дәрігерлер "цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы" деген диагноз қойған.

"13 қаңтарда нәресте "цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы" деген диагнозбен ауруханаға түсті. Дәрігерлер нәрестеден жедел субдуралдық гематома, сол жақ мидың ісінуі, инсультты анықтады. Шешім дереу қабылданып, шұғыл операция жасалды. 1 сағатқа созылған операция сәтті өтті", – дейді балалар нейрохирургы Ербол Кенжебалов.

Операциядан кейін 10 күн бойы жансақтау бөліміндегі сәби мамандардың бақылауында болған.

"Бала жасанды өкпе желдеткішке қосылып, оған қан мен плазма енгізілді, емделді және тәулік бойы бақыланды", – дейді мамандар.

Жағдайы тұрақтанғаннан кейін нәресте палатаға ауыстырылған. Сәби анасымен бірге травматология бөлімінде ем алуды жалғастырған. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін дәрігерлер оларды үйіне шығарған. Бүгінде нәресте дәрігердің бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007527-mangystau-darigerleri-insultpen-auyratyn-zana-tugan-narestege-satti-operaciya-zasady/

pixel