Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ "белгілі кәсіпкердің ұлының" қатысуымен болған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бейнежазбадағы күдікті. Фото
Бейнежазбадағы күдікті. Фото: Polisia.kz

Желіде "танымал кәсіпкердің ұлы" бар шулы бейнежазба пайда болған еді. Онда ер адам күмәнді заттарды пайдалануда деп күдіктелген. Бұдан бөлек оқиға болжаммен Талдықорғанда болғаны жарияланған еді. ІІМ аталған бейнежазбадағы ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды ІІМ Polіsia.kz Telegram-арнасы.

"Тағы да Талдықорған. Шамамен жергілікті танымал кәсіпкерлердің бірінің ұлы кәмелет жасына толмаған қызбен демалуда және ол күмәнді ұнтақты қолдануда", - деп жазылған желіде тараған бейнежазбада.

Ведомствоның мәліметінше, видеодағы жігіт Талдықорғанның 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Сондай-ақ ол түсінік беру үшін полицияға жеткізілгені белгілі болды.

"Бейнежазба өзінің қатысуымен 2017 жылдың жазында Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде түсірілгенін айтты. Түсірілім кезінде ол есірткі қолданбағанын айтып, видеоны қойылым деп түсіндірді", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сонымен бірге құзырлы орган аталған істі ары қарай тексеру және іс жүзінде қорытынды процессуалдық шешім қабылдау үшін, Алматы қаласы ПД-ға аумақтылық бойынша материалдарды өткізіп беру мәселесін прокуратура қарастыратынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007531-iim-belgili-kasipkerdin-ulynyn-qatysuymen-bolgan-vidoega-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel