Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мешіттерінің бірінде ер адам жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Рxhere.com

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам жасөспірімнің телефонын қолды қылды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ресми ақпараттық медиапорталы.

Басылымның мәліметінше, Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон мен әмиянды ұрлаған елорданың 40 жастағы тұрғынын анықтаған.

Сондай-ақ тергеу барысында, оның таңертең Гете көшесіндегі мешітке келгені анықталды. Белгілі болғандай, намаз бөлмесінде ер адам 17 жасар жасөспірімнің жанына отырған.

Ал далаға шыққаннан кейін кәмелетке толмаған бала күртешесінің қалтасынан құны 90 мың теңге тұратын Росо телефоны мен құжаттары бар әмиянының жоғалып кеткенін байқаған.

Осылайша аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда ол өзінің кінәсін толық мойындап, ұрланған телефонды өтіп бара жатқан бейтаныс адамға сатқанын жеткізген.

Сонымен қатар ведомство өкілдері күдіктінің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқандығын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007533-astana-mesitterdin-birinde-er-adam-zasospirimnin-telefonyn-urlap-ketti-degen-kudikke-ilindi/

pixel