Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алаяқ өзін құқық қорғау органы қызметкері деп таныстырып, қызметте өсіремін деп уәде еткен

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда 31 жастағы ер адам өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, “мансаптық өсуге” уәде берген, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ресми ақпараттық медиапорталы.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, алаяқ ақшалай сыйақыға қызметте көтермелеуді уәде еткен. Қазіргі таңда Алматының кемінде екі тұрғынын алдаған күдікті қамауға алынғаны анықталды.

"Өзін құқық қорғау органдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған 1992 жылы туған А.есімді азамат мансаптық өсуге көмектесемін деп уәде берді. Бірақ “қызмет” ақылы, қызметте көтермелеу үшін ер адамға шамамен 18 мың доллар төлеу керек болды.

Тергеу барысында күдіктінің өзінің құзыреттілігі туралы ақпаратты жеке бас пайдасы үшін таратқаны анықталды. Ниетінің тазалығына сендірген ол алдын ала төлемді аударуды ұсынды. Қазіргі таңда біздің бөлімшеде екі алаяқтық дерегі тіркелді", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Cонымен қатер ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.

Осы орайда тергеушілер зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжап отыр, сондықтан бұл адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Наурызбай аудандық полиция басқармасына келуге немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007537-almatyda-alayaq-ozin-quqyq-qorgau-organy-qyzmetkeri-dep-tanystyryp-qyzmette-osiremin-dep-uade-etken/

pixel