Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да үйінен қашып кеткен баланың асырап алушы әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысында 10 жастағы баланы асырап алған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әкесімен болған жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған баланы полиция, құтқарушылар мен еріктілер екі күн бойы іздеген еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметінше, іздеу жұмыстарына 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Бала ауылдағы қаңырап бос тұрған үйден табылды.

"Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, отбасымен жұмыс жүргізілетін болады", - дейді басылымға Уәлиханов аудандық полиция басқармасының бастығы Руслан Әлижанов.

Білім басқармасының хабарлауынша, бала 2017 жылдан бері патронаттық тәрбиеде. Биологиялық ата-анасының қайда тұратыны туралы мәлімет жоқ.

"Кәмелетке толмаған баланың үйден кетуіне асырап алушы әкесімен жанжал себеп болған. Бала ауруханада жатыр. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бала өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылады. Аталмыш факті бойынша патронаттық әкеге қатысты "Кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қараумен қоса, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 30 қаңтарда патронаттық тәрбиешімен патронаттық тәрбие туралы келісім бұзылды", - деп пікір білдірген басылымға білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бұл жағдай туралы "НеМолчиKZ" қоғамдық қорына Қайрат ауылының тұрғыны хабар берген. Қор парақшасындағы жазбаға сәйкес, баланы іздеу жұмыстары мектеп директорының бастамасымен басталған, себебі ата-анасы баланың жоғалғаны туралы ақпаратты жасырған. Қоғамдық қорға хат жазған жергілікті тұрғын баланы асырап алған ата-аналар оны жүйелі түрде ұрып-соққанын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007567-sqo-da-uiinen-qasyp-ketken-balanyn-asyrap-alusy-akesine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel