Balapan телеарнасына жаңа директор тағайындалды
Жарияланған күні:
Журналист әрі продюсер Индира Тұрсынбай "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты Balapan телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ұлттық арна Facebook-тағы ресми парақшасында хабарлады.
"Қазір Balapan телеарнасының алдында тұрған негізгі міндет – балалар контентін өндірушілер арасындағы бәсекелестікте алда болу, анимация өндірісін кеңейту. Ол үшін ең алдымен өнімдер сапасын бұдан әрі арттыру мақсаты тұр.
Бүгінде балалар контентін өндіретін түрлі отандық және әлемдік жаңа платформалар пайда болды, бәсекелестік мықты болғандықтан, телеөндірісте креативті идеяларды іске асыру маңызды. Бұл бағытта нарықтағы жаңашыл маман ретінде Индира Тұрсынбайдың тәжірибесі балалар арнасы үшін пайдалы болады деп сенеміз", – дейді корпорацияның басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Индира Тұрсынбай 2003 жылдан бері Qazaqstan, "Астана", "Евразия", Almaty телеарналарында жүргізуші, журналист, жаңалықтар тілшісі болып еңбек еткен. Соңғы жылдары жеке продакшн компанияларда басшылық қызметтер атқарған.
Ләззат Танысбай бұған дейін телеарнаға жетекшілік еткен Қымбат Досжанға алғыс білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007663-indira-tursynbai-balapan-telearnasynyn-direktory-qyzmetine-tagaiyndaldy/