Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 адам полицияға жеткізілді": Шымкенттік полицейлер топтар арасындағы қарулы қақтығыстың алдын алды

Опубликовано:

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері. Фото: polisia.kz

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 25-38 жас аралығындағы 10 адамды ұстап, полиция басқармасына жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, Шымкент ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалалық прокуратурамен бірлесіп, қала аумағындағы бірнеше мекенжайда күдіктілерді ұстау жұмыстарын жүргізген. 

Нәтижесінде полицияға 25-38 жас аралығындағы 10 адам жеткізілген.

"Олардың үшеуі сот шешімімен қамалып, екеуі үйқамаққа алынды. Қалғандарының рөлі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деп жазады басылым.

Басылымның дерегінше, ұсталғандардан заттай дәлелдемелер ретінде Макаров және ТТ тапаншалары, 4 травматикалық тапанша, АК-103 автоматы, 12 калибрлі МЦ 21-12 өздігінен оқталатын мылтығы және 410 калибрлі өздігінен оқталатын Сайга-410 карабині, 16 калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы ТОЗ мылтығы, сондай-ақ әр түрлі калибрлі 93 оқ-дәрі тәркіленген.

тәркіленген қарулар
Тәркіленген қарулар. Фотоколлаж: polisia.kz

Басылымның хабарлауынша, тергеушілер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы жылдың қаңтар айының басында бір топ адам жергілікті тұрғынды ұрлап, қала сыртына алып кеткенін анықтаған. Олар оны ұрып-соғып, пневматикалық қарумен жаралаған.

Өз кезегінде ер адам заңды түрде полицияға жүгінудің орнына, кек алу мақсатында өзінің таныстарын қаруландырып, қару-жарақ ала бастаған. Бірақ полицияның кәсіби және жедел әрекетінің арқасында адам шығынына әкеп соғуы ықтимал қарулы қақтығысты тоқтату мүмкін болған.

Басылым қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Шымкент қаласы ПД-ның тергеу басқармасы Қылмыстық кодестің 287-бабы 4-бөлігі ("Адамдар тобының атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алуы, сақтауы, алып жүруі немесе тасымалдауы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007711-10-adam-policiyaga-zetkizildi-symkenttik-policeiler-toptar-arasyndagy-qaruly-qaqtygystyn-aldyn-aldy/

pixel