Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді eGov арқылы қазақстандықтарды некеге тұрған күнімен құттықтайды

Жарияланған күні:

Бағдат Мусин
Бағдат Мусин. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Digital Almaty форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov жүйесінде жаңа хабарландырулар енгізілгенін, оның бірі – азаматтарға некеге тұрған күнін еске түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаңалықтар мынадай: біз қазір сәбидің дүниеге келуімен, туған күнмен құттықтаймыз, бірақ біз енді мамыр айында некеге тұрған күнмен құттықтауды іске қосамыз", – дейді министр.

Оның айтуынша, бұл PUSH хабарландырулар қосымшаны ашпай-ақ экранда пайда болатын қалқымалы еске салғыштар болмақ.

Мусиннің баяндамасынан белгілі болғандай, "Цифрлық құжаттар" санатында жаңа құжаттарға тапсырыс беру мүмкіндігі бар құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы ескертулер келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин Қазақстанда болашақта "суперЦОНдар" ашылатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007819-endi-egov-arqyly-qazaqstandyqtardy-nekege-turgan-kunimen-quttyqtaidy/