Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде жарияланған видеодан кейін қарағандылық балабақша қызметкерінің басы дауға қалды

Опубликовано:

бала
Балабақшада ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Қарағандыдағы балабақша қызметкерінің балаға дөрекі қарым-қатынасы түсірілген видео тарады. Оқиғаға қалалық білім бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балаларға дөрекілік танытқан видео Instagram-дағы "Қарағанды қоғамдық блогы" парақшасында пайда болды. Жазбада оқиғаның "Арман" бөбекжайында болғаны жазылған.

"Арман" бөбекжайы... Тәрбиеші кішкентай қыздың шашын қалай жұлып жатқанын қараңызшы! Кездейсоқ көріп қалдым. Бұл қыздың ата-анасы баласын кімге тастап кеткенін білмейтін де шығар. Бізде балаларға деген қарым-қатынас осындай. Кеше бұл балабақшаға цирк келді, мұнда балаларға осылай қарайды", - делінген видеоға жазылған сипаттамада.

Қарағанды ​​қаласының білім басқармасы видеоның "Арман" балабақшасында түсірілгенін растады.

"1 ақпанда "Арман" балабақшасының әкімшілігі білім бөліміне тәрбиешінің көмекшісі балаға дөрекілік танытқанын хабарлаған. Жұмыста мұндай фактілерге жол беруге болмайды. Баланың ата-анасынан кешірім сұрады. Балабақша директорына қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені Еңбек заңнамасы аясында еңбек шартын бұзуға дейін қарастыру ұсынылды", - деп хабарлады Қарағанды ​​қаласының білім бөлімі.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтандағы жекеменшік балабақшаларда балаларды қорлау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу бойынша 17 факті анықталған болатын. Оқу-тәрбие процесінде тәрбиеленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін балабақша қызметкерлеріне қатысты 9 әкімшілік іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007868-zelide-zariyalangan-videodan-keiin-qaragandylyq-balabaqsa-qyzmetkerinin-basy-dauga-qaldy/

pixel