Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысындағы 17 сот ғимаратынан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды

Опубликовано:

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісу облысындағы 17 сот ғимаратынан қызметкерлер бомба туралы ақпараттан кейін қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облыстық соты өкілінің мәліметінше, сот ғимаратына бомба қойылды деген хабарлама 17 сот мекемесіне келіп түскен.

"Сіздің ғимаратыңызға бомба қойылды" деген хабарлама электронды поштаға келді. Яғни, ондай хабарлама Алакөл, Кербұлақ, Талдықорған, Көксу сынды барлық жерге жіберілген. Тек, бір -екі сот мекемесіне ғана келмеген.

Қазір барлық сот процесі тоқтап, қызметкерлер эвакуацияланып, мекемелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде", – дейді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Ол әзірге тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008001-zetisu-oblysyndagy-17-sot-gimaratynan-qyzmetkerler-sugyl-evakuaciyalandy/

pixel