jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматылық дәрігерлер 998 грамм нәрестенің өмірі үшін 112 күн күрескен

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматыда жүктіліктің 28 аптасында салмағы 998 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін дәрігерлер 112 күн күресті. Қыз бала жансақтау бөлімінде 52 күн, одан кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 2 ай жатты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестені тексеру кезінде ағзаcының толық жетілмеуі патологиясынан басқа, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар екені анықталған. Сәбиге екі жақты гипоплазия және бүйрек поликтозы диагнозы қойылған.

"Бұл туа біткен бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі. Бұл жағдайда кем дегенде бір бүйректі ауыстырып салу керек. Баланың мерзімінен бұрын 998 грамм болып туғанын ескерсек, оның ағзаларының жетілмегендігі бойынша мәселе жеткілікті. Ал екі бүйректің де зақымдануы жағдайды одан әрі қиындатты.

Нәрестеде өмір сүру мүмкіндігі іс жүзінде жоқтың қасы еді. Біз ағзалардың жетілмегендігі бойынша жағдайды жеңе алсақ та, қос бүйректің асқыну беретінін білдік. Нәресте  жансақтау бөлімінде 52 күн, кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 2 ай болды. Біз сырттан, Асфендияров кафедрасынан мамандарды шақырдық, консилиум өткіздік", – дейді орталық директорының орынбасары, дәрігер-неонатолог Елена Плужникова.

Маманның айтуынша, аурудың ауырлығына қарамастан, бала жақсы дамыған. Жүргізілген барлық медициналық көмектен кейін бала салмақ қосқан. Сондай-ақ қыз балада ретинопатия анықталып, оның көзіне ота жасалған. Ауруханадан шығару кезінде сәби 2 келіге дейін салмақ қосқан.

"Қыз бала ауруханадан денсаулығы орташа-ауыр дәрежемен шығарылды. Оны бірден нефролог пен уролог есепке алды. Бүгінгі таңда қыз бала бүйректің жұмысын қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектерді алады.

Қыз бала өскеннен кейін, бүйрек трансплантациясы туралы сөйлесуге болады. 6 айға дейін мұндай мәселе көтерілмейді. Өйткені, бала салмақ қосуы керек. Кейін ата-анасы порталға одан әрі емделуге өтініш бере алады",– деп қорытындылады дәрігер.

Алматылық дәрігерлер 998 грамм нәрестенің өмірі үшін 112 күн күрескен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.