jitsu gif
Оқыс оқиға

    Таразда азаматтық некедегі күйеуін абайсызда өлтіріп алған әйел ақталып шықты

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: polisia.kz

    Таразда күйеуін өлтіріп сегіз жылға сотталған әйел ақталып шықты. Алты ай абақтыда отырған әйелдің өзін қорғау мақсатында жұбайын өлтіріп алғаны дәлелденген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Арна мәліметінше, екі ай бұрын 43 жастағы үш баланың анасы "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен сегіз жылға түрмеге жабылған. Сотталушы қайта апелляциялық шағым түсірген. Басқа баппен істі қайта саралаған сот алқасы айыпталушының қорғану кезінде абайсызда жолдасын жазым қылғанын анықтаған.

    Сөйтіп оған бір жыл жаза тағайындаған. Тергеуде алты ай отырған әйел жанжал кезінде азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұғып алған. Бүйрек тұсынан жарақат алған 47 жастағы азамат ауруханаға жетіп көз жұмған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.