Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатты деп күдіктелген дәрігерді ұстады
Жарияланған күні:
Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шардара қаласында 300-ден астам трамадол дәрісін заңсыз сатты деп күдіктелген дәрігерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасында.
Полицияның хабарлауынша, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтаған.
"Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептісіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды", – дейді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.
Аталған фактіге қатысты жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008042-turkistandyq-policeiler-300-den-astam-tramadol-satqan-darigerdi-ustady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.