Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір облысында көшелер мен аулаларды су басты (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы су басқан аула
Жамбыл облысы. Оқиға орны: Gov.kz

Қазақстанның тағы бір өңірі су тасқынынан зардап шекті. Құтқарушылардың айтуынша, күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысында қардың күрт еруімен аула аумақтарын су басып қалу жағдайы жиі орын алатын көрінеді. Бұл туралы ТЖМ ресми сайты хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, облыстағы ахуал бақылауда тұр. Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары су басу салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін сақадай сай дайын.

Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде.

Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. Еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмыс жүргізуде. Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ЖАО және ТЖД өкілдері жұмыс жүргізуде.

Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда.

Жамбыл облысы ЖАО және ТЖД бөлімшелері су айдау жұмыстарын уақтылы жүргізуде.

Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілген.

"Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын, арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару, арықтарды қоқыстардан тазарту және басқа да алдын алу шаралары маңызды профилактика болып табылады және тұрғын үйлер мен көшелердің аула аумақтарын су басудың алдын алуға көмектеседі", – деді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008047-qazaqstannyn-tagy-bir-oblysynda-koseler-men-aulalardy-su-basty-foto/