Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаныш Сәтбаев туралы фильм қазақстандық прокатқа жол тартты

Опубликовано:

Премьера
Фото: Kazakhmys Holding

2 ақпан күні ел кинотеатрларында қазақтың белді геологы Қаныш Сәтбаев туралы көркем фильмнің таныстырылымы болып өтті. Шынайы оқиғаларға негізделген картинада зерттеуші әрі ғалым Сәтбаевтың Жезқазған жеріндегі жұмысын бастаған уақытта бастан кешірген қиындықтармен қалай күрескені таспаланған.

Қаныш Сәтбаев – көзі тірісінде-ақ аңыз болған тұлға. Қазақстан металгендік мектебінің негізін қалаушысы, алдыңғы қатарлы ғалым, өзі атын шығарған әйгілі Жезқазған кен орнының зерттеушісі. Сәтбаевтың геолог ретіндегі еңбек жолы қалай басталғанын және осы жолда ол қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін білетіндер кемде-кем. Ерлан Нұрмхамбеттің «Қаныш» картинасынан Сәтбаев өмірінің осы кезеңін көруге болады.

Ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласы Сәтбаев әлемдік деңгейдегі ғалым атанған. Оның геология саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Ғалым алғашқы зерттеу жұмыстарына жеке өзі қатысып, нәтижесінде мысқа бай кен орындарын тапқан. Ғалым ретінде жетістікке жеткен Қаныш Сәтбаев қазақ халқының да мүддесін қорғап, еш уақытта өзінің шыққан тегін ұмытпаған. «Халқым менен де биік» деген ғалым аты аңызға айналғанда да бұл сөзді өмірлік қағидасына айналдыра білген.

Фильм
Фото: Kazakhmys Holding

Оның зерттеу қызметі тарихтағы өте ауыр, 20-30 жылдарға тұспа-тұс келген. Сәтбаев кеңес дәуірінің шенеуніктеріне Жезқазған жері пайдалы қазбаларға бай екенін қайтпай дәлелдеумен болған. Тоталитарлы жүйемен күрестің нәтижесінде Қаныш Имантайтұлы жеңімпаз атанғанын уақыттың өзі көрсетті.

Кулактар мүлкін тәркілеу, аштық, кедейлік, қуғын-сүргін – өткен жүзжылдықтың 20-30 жылдары өмір сүрген миллиондаған халықтың өмірі осы оқиғалармен байланысты еді. Көшпенділерге тән әдепкі өмір сүру салты бұзылған қазақ халқына бұл екі есе ауыр соққы боп тиді. Сәтбаев туралы фильмде сол кезеңнің ауыртпалықтары егжей-тегжейлі сипатталған; онда белгілі тұлға, еңбек адамы әрі патриот Қаныш Сәтбаев қандай қиын жағдайда еңбек еткені көрсетілген.

Жұма күні картина таныстырылымына «Қазақмыс Барлау» компаниясының геологтары барды. Олар үшін Қаныш Сәтбаевтың тұлғасы екі есе құнды: олар әйгілі зерттеушінің ізін жалғап келеді. Геологиялық барлау компаниясының директоры Қадыржан Қаулдашев фильмнен алған әсерін бөлісті.

Фильм
Фото: Kazakhmys Holding

«Фильм өте сапалы, барлық қазақстандыққа, әсіресе жастарға көруге кеңес беремін. Ал өмірін геология саласымен байланыстырғандар Қаныш Сәтбаевтың өмір тарихи мен еңбек жолын білуге тіптен міндетті. Қаржылық, инфрақұрылымдық, кадрлық сынды барлық ресурс қолда болмағанына қарамастан, Қаныш Сәтбаев өте ауқымды жұсыс атқара білді. Ол алдына қойған мақсатына үнемі өз еңбегі мен өжеттігінің арқасында жетіп отырған. Сәтбаевтың бірегейлігі өз идеяларының негізділігін өте шеберлікпен дәлелдей алатынында», - деді компанияның атқарушы директоры.

Қаныш Сәтбаев
Фото: Kazakhmys Holding

Бас директордың кеңесшісі Ақбатыр Надырбаев да киносеанстан соң картинаға жоғары баға берді.

«Фильм өте ұнады, маған өте керемет әсер берді. Әрине, біз, геолог ретінде әйгілі ғалым, Ғылым академиясының алғашқы президентінің өмір тарихын жақсы білеміз. Десе де бұл фильм оның тұлғасына басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Біз Қаныш Сәтбаев еңбек жолын алғаш бастағанда қандай қиындықтарға тап болғанын көрдік. Фильмнің геологтар ешқандай инфрақұрылымы жоқ жердегі кен орындарын барлауды қалай жүзеге асырғаны туралы тұсы өте қызық. Сонымен бірге Сәтбаев жас геологтар мен өзге де маман иелерін қалай тәрбиелегінін көру мүмкіндігі бар. Халықтың бастан кешірген қиындықтарынан аттап өту мүмкін емес, картина өте әсерлі. Оны тамашалау кезінде көзімізге жас келді», - деп әсерін бөлісті Ақбатыр Надырбаев.

Компанияның бас геологы Павел Ниценко болса «Қаныш» фильмінің өсіп келе жатқан жас буынға үйретері көп деп санайды.

«Фильмде бұл адамның қаншама қиындыққа қарамастан, еш уақытта еңсесін түсірмегенін көруге болады. Өз білімінің, қайсарлығының және құлшынысының арқасында ол күні бүгінге дейін сәтті жұмыс істеп тұрған үлкен дүниені жасай алды. Қаныш Сәтбаев ештеңеге қарамастан, тек жұмыс істеп, нәтижеге жетуге болатынын көрсеткен тұлға. Бұл фильм жастарға үлгі болатындай дүние: қазір жастар түкке тұрмайтын проблемаларға бетпе-бет келгенде жеңіле салады. Геология саласына келген болсаң, қиындықтарға дайын болып, еңбек етуің керек», - дейді Павел Ниценко.

Премьера
Фото: Kazakhmys Holding

«Қаныш» фильмінің таныстырылымына келген геологиялық барлау компаниясының жас геологтары да туындыдан мол әсер алып қайтты. Әкімшілік-шаруашылық қызметтің басшысы Диас Амерсанов сеанстан кейін өз әсерін бөлісті.

«Бұл фильм маған қатты әсер етті; расында да, бұл қазақ халқының «гауһар тасы» туралы фильм. Жастар үшін бұл фильмді көру өте маңызды, осылайша олар қолда бардың қадірін түсінеді; Сәтбаевтың қандай үлкен қиындықтардан өткенін ұғынатын болады. Мұндайға шыдау тағы кімнің қолынан келерін білмеймін. Мұндай адамдарды бізге Алла Тағаланың өзі берген», – дейді Диас Амерсанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008235-qanys-satbaev-turaly-film-qazaqstandyq-prokatqa-zol-tartty/

pixel